Түркияда «Ғаламат ғасырдағы» актриса есірткі ісі бойынша ұсталды

0
131

Ұсталғандардың арасында «Ғаламат ғасыр» телехикаясындағы Шах Сұлтан рөлімен танымал актриса Дениз Чакыр, әнші және актер Өзжан Дениз және актриса Буржу Өзберк бар.


Түркияда «Ғаламат ғасырдағы» актриса есірткі ісі бойынша ұсталды

Фото: Instagram/denizcakir

ERNUR.KZ. Ыстанбұлда танымал тұлғаларды есірткіге қатысты тергеу аясында 35 күдіктінің 23-і ұсталды, деп жазады inform.kz.

Ұсталғандардың арасында «Ғаламат ғасыр» телехикаясындағы Шах Сұлтан рөлімен танымал актриса Дениз Чакыр, әнші және актер Өзжан Дениз және актриса Буржу Өзберк бар.

Ыстанбұлдың Бас прокуратурасы жезөкшелік, есірткі немесе стимуляторлық заттардың саудасы, оларды әкеліп беру, есірткіні қолдану немесе сақтау істері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдіктілерді ұстауға олардың мәлімдемелері, куәгерлердің, соның ішінде құпия куәгерлердің айғақтары және тәркіленген ұялы телефондар мен цифрлық құралдарды талдау нәтижелері негіз болған.

Прокуратура тергеу барлық салаларда жүріп жатқанын атап өтті.