Қазақстан құрамасы жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды

0
258

Елімізден төрт жүзуші әлемдік аренаға шығады.


Қазақстан құрамасы жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. 1 желтоқсанда Бейжіңде (Қытай) қысқа қашықтықта жүзуден (25 м) әлем чемпионаты басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.

Жарысқа қатысатын ұлттық құраманың тізіміне Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя, Әділбек Мусин кірді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.