Оқиға Ыстанбұлда және басқа өңірлерде де сезілген.
ERNUR.KZ. Түркияның Балыкесир провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады baq.kz.
Жер сілкінісі туралы ақпаратты Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы (AFAD) таратты.
Ведомство мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 00:24-те Сындыргы ауданында болған.
Жер сілкінісінің ошағы 11,04 км тереңдікте орналасқан.
Оқиға Ыстанбұлда және басқа өңірлерде де сезілген. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы әзірге хабарланған жоқ.


