Threads платформасына қосылғысы келетін пайдаланушыларға енді Instagram профилінің болуы міндетті емес.
Фото: Anadolu
ERNUR.KZ. Түркияның бәсекелестік кеңесі елде екі жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан Threads-ке қатысты уақытша сот бұйрығын алып тастады, деп жазады inform.kz.
Threads платформасына қосылғысы келетін пайдаланушыларға енді Instagram профилінің болуы міндетті емес.
- Пайдаланушыларға «Threads-ты Instagram аккаунтымен пайдалану» немесе «Instagram аккаунтынан тәуелсіз ұялы телефон нөмірін пайдаланып аккаунт құру» опциясы ұсынылады. Threads-ты Instagram-нан тәуелсіз пайдалануды таңдаған пайдаланушылардың Instagram аккаунтынан алынған жеке деректер Threads-пен біріктірілмейді, - делінген Түркияның монополияға қарсы ведомство мәлімдемесінде.
Түркия билігі әлеуметтік желіні 2024 жылдың сәуірінде Threads пен Instagram пайдаланушылары деректерінің интеграциясы цифрлық платформа нарығындағы бәсекелестікті шектеуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты бұғаттаған болатын.


