Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 20 адам зардап шекті

0
240

​Жол апаты жеңіл көлік пен жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған.


Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 20 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Түркияның Айдын – Денизли автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады baq.kz.

İHA агенттігінің хабарлауынша, соққының қатты болғаны сонша, жолаушылар автобусы жүргізушінің басқаруынан шығып кетіп, жол қоршауына соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20 адам зардап шеккен. Олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадалары және өрт сөндірушілер жіберілді.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.