Түркияда жүк көлігі алты көлікпен соқтығысып, көпірден құлап кетті

0
317

Жол апатынан үш адам қаза тапты.


Түркияда жүк көлігі алты көлікпен соқтығысып, көпірден құлап кетті

ERNUR.KZ. Түркияда тежегіші істен шыққан жүк көлігі алты көлікпен соқтығысып, көпірден құлап кетті. Бұл туралы NTV жазды, деп жазады inbusiness.kz.




Оқиға түнде Шанлыурфа облысының Биреджик ауданында болған. Жергілікті арнаның хабарлауынша, жүк көлігі бес көлікке соқтығысып, кейін бір жеңіл автокөлікпен бірге көпірден құлап кеткен.

Қаза тапқан екі ер адамның жеке басы анықталды, ал үшінші қаза тапқан әйелдің жеке басы әлі анықталмады.

Шанлыурфа билігінің мәліметінше, оқиға орнында шұғыл қызметтердің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатының себептерін тексеру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар желіде таралды.