Түркиядағы президент сайлауына төрт үміткер қатысуға рұқсат алды

0
510

Түркияда президент және парламентті сайлау 2023 жылдың 14 мамырында өтеді.


Түркиядағы президент сайлауына төрт үміткер қатысуға рұқсат алды

ERNUR.KZ. Түркиядағы президент сайлауына төрт үміткер қатысады. Оның ішінде елдің қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған да бар, деп жазады zakon.kz.

Мемлекет басшысы лауазымына Ердоғаннан бөлек Кемал Кылычдароглу, Мухаррем Инже және Синан Оган үміткер болды. Комиссия мұндай шешімге қол жинау аяқталғаннан кейін келді.

Ердоған мен Кылычдароглының кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынғандықтан, оларға қол жинаудың қажеті болмады.
Түркияда президент және парламентті сайлау 2023 жылдың 14 мамырында өтеді.
Наурыздың басында түрік президенті 14 мамырда жалпы сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Өткен аптада Ердоған республика президентіне кандидат ретінде ресми түрде ұсынылды.