Монолиттің иіктігі 3 метр.
ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында жұмбақ монолит табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биіктігі 3 метр болатын монолит ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігерлерінің қатарына енген 12 мың жылдық тарихы бар Гёбекли-Тепе кешенінің маңынан шыққан. Құпия құрылымның бетінде жазба бар. Қазір оны тәртіп сақшылары күзетіп тұр. Құрылымның қалай пайда болғаны зерттеліп жатыр.
Еске сала кетейік, алғаш рет темір монолит өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Юта штатындағы шөлден табылып, кейін ұшты-күйлі жоғалып кеткен еді.