​КҮЙЕУіңіз төсектен ҚАША ма? Оның сыры мынада болуы мүмкін

0
193

«Басқа біреуі бар» деуге асықпаңыз...


​КҮЙЕУіңіз төсектен ҚАША ма? Оның сыры мынада болуы мүмкін

Сурет: ЖИ

Кеш түсе күйеуіңізге күлімдей қарасаңыз, кері жауап жоқ. Жатарда жақындасаңыз, әрі қашқақтайды. «Қазір емес», «Шаршап тұрмын», «Ұйқым кеп тұр», «Қойшы!» деген жауаптармен бетіңізді қайтарады. Жай ғана құшақтасып жатуға, сыбырласып сырласуға да зауқы жоқ.

Мұндай қадамнан әйелдің көңілі қалады. Ренжиді. Жылайды. Ұзаққа созылса, ұрыс шығаруы ғажап емес.

Осындай кезең кез келген отбасыда болып тұрады. Мұндайда көптеген әйелдің алғашқы ойы – «Мені жақсы көрмейді» болса, екінші ойы – «Басқа біреуі бар». Бірақ, шын мәнінде, еркектің төсекке сүлесоқ қарауының басқа да бірнеше себебі болуы мүмкін.


№1 себеп: Балаларға алаңдайды

Балалар ұйықтар алдында жатын бөлмеде ойнаса, екеуіңізде де түнгі тірліктің күйін ойлайтын шама қалмайды. Сіз оларды ұйықтатумен, ойыншықтарын жинаумен әлек боп жүрсеңіз, еріңіздің құштарлығын «одан әрі мазасын алмай тыныш жатайын» деген ой өшіріп тастайды.

Шешімі қандай? Кешкі уақытта балаларға жатын бөлмеге кіруіне тыйым салыңыз. Бұл – тек екеуіңіздің жеке аумағыңыз. Сондай-ақ балалар ата-анасынан кемінде бір сағат ерте ұйқыға жатуы керек.


№2 себеп: Ол жай ғана ұйықтағысы келеді

Егер сіз немесе күйеуіңіз расымен де көздеріңіз ілініп бара жатса, жай ғана ұйықтаңыздар. Құмарлық ашылып жатса, түн ортасында оятуға болатын-болмайтынын келісіп алыңыздар. Кейде ер адам түн ішінде құштарлық сезімінен оянады. Бұл екеуіңізге де ұнайтын болса, «Қалаған кезіңде мені оят» деу жеткілікті.


№3 себеп: Көңіліңізден шықпай қалам деп алаңдайды

Егер ол «қазір онша емес боп қалады» деп қорықса, ешқандай мінсіздік, секс-марафон күтпейтініңізді түсіндіріңіз. Немесе уақытын таңға ауыстырыңыздар.


№4 себеп: Төсекте де жұмыс туралы ойлайды

Үйде болғанда телефонды өшіріп, поштаны қарауды доғаруын сұраңыз. Үй – ол үй. Жұмыс таңға дейін күте алады. Осы нәрсеге екеуара келісім жасап, өзіңіз де солай етіңіз.


№5 себеп: Сырт келбетіне комплексі бар

Өз сұлулығына көңілі толмай, әйтеуір бір мін тауып алатын тек әйелдер ғана емес. Ерлер де сырт келбетіне қатысты өзін сынайды. Оған жиі жылы сөздер айтыңыз. Денесін ашық көрсетуден қысылатын болса, жарықты өшіріп қойыңыз. Егер келіссе, спорт залына бірге барыңыздар.


№6 себеп: Жұмысында проблемалар бар

Қысым көрсетпеңіз. Жай ғана түсіністік танытып, қолдау білдіріңіз. Жақындасуды талап етпеңіз. Ер адам өзін «міндетті» сезінгенде жақындықтан қашқақтайды. Еркін болғанда, бастаманы өзі көтеруі мүмкін.


№7 себеп: Спорттық хабар көргісі немесе компьютер ойнағысы келеді

Бұл қалыпты қалау. Кейде ер адамдар да оңаша отырып, өздерінің «қиял әлеміне» кіргісі келеді. Егер бұл қарым-қатынастарыңызға кедергі жасаса, екеуңізге арнайтын және жеке қалауымен айналысатын күндерін келісіп алыңыз.


№8 себеп: Қатты шаршау, жай ғана демалғысы келеді

Басқаша айтқанда, ештеңе ойламай, жай ғана жатқысы келеді. Білмеуші ме едіңіз? Ер адамның төсекке құмарлығы оның өзін қаншалықты еркін сезінетініне тікелей байланысты. Қысым жасамаңыз. Жанында кітап оқып, сериал көріп немесе ас үйде шай (немесе шарап) ішіп отыра беріңіз. Ол бойын жинаған соң, өзі-ақ сізге жақындайды.

Аударған: Т. СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ИНТЕРНЕТтегі хат алмасу КӨЗГЕ ШӨП САЛУ боп санала ма?