Түркия Сирияға жасаған шабуыл кезінде 525 содырдың көзін жойдық, деп хабар таратты.
ERNUR.KZ. Түріктер 9 қыркүйекте шекаралық аймақта орналасқан Рас эль-Айн қаласын атқылаған, деп жазады Atameken Business.
Олар «Күрдтердің жұмысшы партиясы» мен ДАИШ лаңкестерімен күресіп жатырмыз дейді. Сирияның демократиялық күштері мұндай басқыншылыққа жол бермейміз деп отыр.
Дамасктегі билік қалай да түріктерді елден ығыстыруды көздейді. Бүгінде Телль-Абьад және Рас-эль-Айн қалалары Түркия бақылауында.
Ердоған бастаған билік шекарадан 30 шақырым қашықтықтағы жерге дейінгі аралықта қауіпсіздік аймағын құруды жоспарлауда. Шабуыл салдарынан күні кеше осы өңірде тұратын 26 бейбіт тұрғын оққа ұшты. Оның үшеуі сол жерден хабар таратуға келген – журналист.
БҰҰ түріктер бастаған әскери операция кесірінен 130 мың адам босып кеткенін хабарлады.