Екібастұзда жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, мерт етті

0
110


Екібастұзда жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, мерт етті

ERNUR.KZ. Екібастұзда тұрғын үй ауласында алты жасар бала жеңіл көліктің астына түсіп қаза тапты. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады Zakon.kz.


Қайғылы оқиға фактісін Павлодар облысының полиция департаменті растады. Кәмелетке толмаған баланың опат болуына әкеліп соққан жол оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Сондай-ақ полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін аумақтарда қатаң сақтау қажеттігін еске салады.