​Түркияның Сивас қаласындағы қонақүйлердің бірінде жарылыс болды

0
89

Жарылыс қонақтардың көпшілігі өз бөлмелерінде болған кезде орын алған.


​Түркияның Сивас қаласындағы қонақүйлердің бірінде жарылыс болды

Фото: www.trthaber.com

ERNUR.KZ. Сивас провинциясындағы Йылдыз тауында орналасқан қонақүйде күшті жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады inform.kz.

Төтенше жағдай кенеттен болып, төрт адам зардап шекті, олардың біреуі ауыр халде.
Жарылыс қонақтардың көпшілігі өз бөлмелерінде болған кезде орын алған. Ғимарат бүлінген, терезелер мен жиһаздар сынған.
Жарылыс болған соң бірден оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары жетті. Зардап шеккендер тез арада жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа тұрмыстық газдың шығуы себеп болған. Уәкілетті органдар оқиғаның нақты мән-жайын және ғимаратты газбен жабдықтау жүйесіндегі ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастап жіберген.