Украина мен Ресейдің Түркиядағы келіссөзінің нәтижесі жарияланды

0
2 206

Түркиядағы келіссөзге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барған болатын.


Украина мен Ресейдің Түркиядағы келіссөзінің нәтижесі жарияланды

ERNUR.KZ. Ресей мен Украина арасындағы соғыс жалғасады. Бүгін Түркияда бас қосқан қос тарап өкілдері ортақ шешімге келе алмады. Жиын Анталия қаласында өтті, деп жазады Экспресс К.

Келіссөзден кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба екі жақты атысты тоқтату және Мариупольге гуманитарлық дәліз ұйымдастыру туралы келісімге келе алмағандарын айтты. Бұған дейін қос тарап Беларусьте үш рет кездескен болатын.

Айта кетейік, Ресей Украинаға ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындау және Қырымды Ресейдің жері деп тану туралы талап қойып отыр. Бүгін соғыстың жүріп жатқанына 14 күн болды.