Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеді

0
731

Бұл агрессив соғыс.


Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеді

ERNUR.KZ. Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де мәлімдеді.

"Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл агрессив соғыс", - делінген хабарламада.
"Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді", - делінген хабарламада.