Украинада соғыс салдарынан қанша адам баспанасыз қалғаны белгілі болды

0
632


Украинада соғыс салдарынан қанша адам баспанасыз қалғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Соғыс салдарынан баспанасынан айырылған 800 мыңға жуық украиндық тұрғын үйге мұқтаж, деп жазады Ulysmedia.kz.

Елдің уақытша оккупацияланған аумақтарды қайта біріктіру жөніндегі министрі Ирина Верещуктің сөзінше, билік бұл мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуге тырысып жатыр. Министрлік модульдік тұрғын үй салуда. Десе де, Верещук мұндай уақытша тұрғын үй барлық үйсіздердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өте аз екенін айтты. Ол баспанасы жоқтардың көбі модульдік қалашықтарда тұруға келіспей жатқанын да атап өтті.

"Биылғы жылы тұрғын үй жеткілікті көлемде салынбайтынын ашық айту керек. Адамдардың көші-қоны жалғаса беретінін, жылыту маусымында қиындық көп болатынын да мойындаған жөн. Бірақ біз, тұрғын үй құрылысын, жөндеу жұмыстарын, қазандықтарды ауыстыруды тоқтатпаймыз. Көшіп келген адамдардың қайда тұратынына, қалай қыстайтынына жауаптымыз", - деп атап өтті министр.

Ол күзгі кезеңде тағы жарты миллионға жуық адам шығыстан батысқа көшетінін, бұл бұрын кеткендерге қосымша жүктеме болады деп атап өтті.