Трамп АҚШ енді Украинаны қаржыландырмайтынын мәлімдеді.
фото: Sputnik / Сергей Бобылев
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың шығынын толығымен НАТО мойнына алғанын, ал Вашингтон тек қару-жарақ жеткізумен айналысатынын және соғысты тоқтатуға тырысатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Біз енді Украинаны қаржыландыруға қатыспаймыз, біз қақтығысты, адам өлімін тоқтатуға атсалысамыз. НАТО бүкіл қақтығысты қаржыландырады, біз ештеңені де қаржыландырмаймыз", - деді Трамп Ақ үйде өткен министрлер кабинетінің отырысында.
Оның айтуынша, АҚШ өзінің одақтастарына әскери техниканы "миллиондаған және миллиардтаған долларға" сатып жатыр, оның ішінде Patriot жүйелері бар, ал қорғаныс зауыттары өндіріс көлемін "екі және үш есе ұлғайтып" жатыр. Трамп америкалық өнім "әлемдегі ең үздік" болып қала береді және оларға еуропалық серіктестер басымдық береді деп санайды.