Украинаның қорғаныс министрлігі қақтығыстың болжамды аяқталу мерзімін айтты

0
726

Резниковтің бағамдауынша, егер Украина осы бағытты ұстанатын болса, Ресей «бірнеше айдан кейін елден кетеді».


Украинаның қорғаныс министрлігі қақтығыстың болжамды аяқталу мерзімін айтты

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Алексей Резников Украинаға ауыр қару-жарақ, сондай-ақ «Ресей мұнайы мен газына толық жаһандық эмбарго» қажет екенін мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Батыстан қажетті қару-жарақты алған күннің өзінде Украинадағы қақтығыс әлі де бірнеше айға жалғасады, алмаса, текетірес одан да ұзаққа созылады. Мұндай пікірді Украина қорғаныс министрі Алексей Резников айтты, деп жазды ТАСС.

Оның айтуынша, Украинаға ауыр қару-жарақ керек.

Мен бұл қаруды әртүрлі елдер тезарада бере алатынын білемін. Мұны істеу үшін тек ерік керек. Бізге сондай-ақ ресейлік мұнай мен газға толық жаһандық эмбарго қажет.Алексей Резников

Резниковтің бағамдауынша, егер Украина осы бағытты ұстанатын болса, Ресей «бірнеше айдан кейін елден кетеді». Әйтпесе, текетірес созыла бермек.