Ұлыбританияда балалардың жантүршігерлік өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды

0
520

Британдық Саутпорт қаласындағы би студиясында 17 жасар жасөспірім үш баланы пышақтап өлтіргеннен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды.


Ұлыбританияда балалардың жантүршігерлік өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды

ERNUR.KZ. Газеттің хабарлауынша, жергілікті мешіт алдында жиналған наразылық білдірушілер – "Ағылшын қорғаныс лигасының" оңшыл-радикалды белсенділері, деп жазады inbusiness.kz.

Олар полицейлерге шыны бөтелкелер мен кірпіш лақтырды. Құқық қорғау органдарының бір қызметкерінің мұрны сынған. Митиңгіге шыққандар полиция көліктерін өртеп, зақымдады. Бұған жауап ретінде офицерлер көзден жас ағызатын газ қолданды.

Полицейлер әлеуметтік желілерде жәбірленушінің шығу тегі мен дініне қатысты біраз қауесеттер таралып жатқанын атап өтті.

Әзірге шабуыл жасады деген күдікпен Саутпортпен көршілес Бэнкс қаласында тұратын 17 жасар бала қамауға алынды. Үш балаға нақты қандай себеппен пышақпен шабуыл жасағаны белгісіз. Ол жалғыз әрекет етті деп болжануда. Тоғыз, алты және жеті жастағы қыздар қайтыс болды, тағы сегіз бала пышақталды, олардың бесеуі ауыр жағдайда. Тағы екі ересек ауыр жарақат алды.

Мерсисайд округінің полициясының бас констеблі Серена Кеннедидің айтуынша, балалар би мектебіндегі әнші Тейлор Свифтке арналған іс-шарада күдікті бөлмеге пышақпен кіріп, жиналғандарға шабуыл жасаған.