Үндістан билігі ел тұрғындарын үйдің ішінде маска тағуға шақырды

0
641

Өткен тәулікте елде 352 991 адам коронавирус жұқтырған.


Үндістан билігі ел тұрғындарын үйдің ішінде маска тағуға шақырды

ERNUR.KZ. Үндістан тұрғындарына үйдің ішінде медициналық маскалар тағып жүру ұсынылды. Әсіресе, отбасында коронавирус жұқтырған науқас болса, маска тағу қажет екені айтылуда, деп хабарлайды Хабар24.

«Үйде де маска тағатын уақыт келді. Инфекция кең таралғандықтан, үйде адамдармен отырғанда маска тағу режимін бастасақ жақсы болады», - дейді дәрігерлер.

Өткен тәулікте Үндістанда коронавирустық инфекцияның 352 991 жаңа жағдайы тіркелді.