Үндістанда індеттен қаза тапқандар саны бойынша антирекорд тіркелді

0
663

Үндістанда індет ақпан айының ортасынан бастап өршуде.


Үндістанда індеттен қаза тапқандар саны бойынша антирекорд тіркелді

ERNUR.KZ. Үндістанда COVID-19 дертінен бір тәулікте қайтыс болғандар саны бойынша тағы да антирекорд тіркелді, деп жазады Inbusiness.kz.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 4 205 адам көз жұмған. Науқастардың саны 23,3 миллионнан асты. Вирусты жұқтыру фактілері де көбейе түскен. Бір күнде 348,4 мың тұрғынның ауруға шалдыққаны анықталды.

Үндістанда індет ақпан айының ортасынан бастап өршуде. Қазіргі уақытта 3,7 миллионнан астам адам ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін жергілікті билік қайтыс болған адамдардың мәйітін үнділер үшін қасиетті саналатын Ганг өзеніне лақтыруды дереу тоқтатуды талап еткен болатын. Оның алдында Бихар штатының тұрғындары 100-ге жуық адамның мәйіті өзенде табылғанын хабарлады. Олар коронавирустан қайтыс болғандардың денесі болуы мүмкін деген ақпарат тарады.