Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 млн-нан асты

0
724

Қауіпті індеттен 30 мың науқас көз жұмды.


Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 млн-нан асты

ERNUR.KZ. Коронавирусты жұқтыру деректері бойынша әлемде үшінші орында тұрған Үндістанда індет тез тарап барады, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте мұнда 45700 адамның вирусты жұқтырғаны анықталған. Бұл – пандемия басталғалы рекордтық көрсеткіш. Сөйтіп, елде науқастар саны бір миллион 200 мыңнан асты. 30 мың тұрғын індеттен көз жұмды.

Алайда сарапшылар «шындығында бұл сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін» дейді.

Жалпы коронавирустан ең қатты Махараштра және Тамилнад штаттары мен Дели астаналық өңірі зардап шеккен. Барлық деректердің шамамен 60%-і осы үш аймақта тіркелді.

Вирус тез тарап бара жатқан өңірлерде шектеу шаралары қайта күшейтіліп, өзін өзі оқшаулау тәртібі осы айдың соңына дейін ұзартылды.