Үндістанда коронавирустан 400 мыңнан астам адам қайтыс болды

0
512

Өлім-жітім саны бойынша Үндістан әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр


Үндістанда коронавирустан 400 мыңнан астам адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Үндістанда соңғы бір тәулікте 800-ден астам адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар24.

Жалпы індет басталғалы елде ковид-19 дертінен 400 мыңнан аса тұрғын көз жұмған. Өлім-жітім саны бойынша Үндістан әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 30 миллион 400 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдыққан. Айта кету керек, соңғы апталарда күн сайын орта шамамен 40 мың науқас анықталады. Мамыр айында індет өршіген тұста бұл көрсеткіш 400 мыңға дейін жеткен еді. Алайда сарапшылар, елде эпидахуалдың бұдан да нашаралай түсуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Өйткені 1 миллиард 400 миллион адам тұратын Үндістанда халықтың тек 5 проценті ғана екпенің екі дозасын салдырған.

– Адамдардың да кінәсі бар. Тест ауырғанын көрсетсе де, соны жасырып, маска тақпай, емін-еркін жүреді, - дейді студент Рохит.