Үш тонна жұмыртқа бір мезетте пісірілді

0
1 263

Бұл жұмыртқа тағамын пісіру үшін 62000 жұмыртқа пайдаланылған.


Үш тонна жұмыртқа бір мезетте пісірілді

ERNUR.KZ. Соача (Колумбия) қаласында Үш тонна жұмыртқа бір уақытта пісірілді, деп хабарлайды ktk.kz.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты Гиннес рекордтар кітабына ену болған. Мақсат- орындалды. Оқиға орнына келген гиннестік мамандар мұны растап отыр. Бұл жұмыртқа тағамын пісіру үшін 62000 жұмыртқа пайдаланылған.

Оны келген меймандарға тегін таратқан. Ал жұмыртқа қабығын үгітіп, тыңайтқыш жасаймыз дейді мамандар.