Мекеме басшысы жұмысшыларына маусымның 7-сіне дейін вакцина егуді талап еткен.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында екпе қабылдаудан бас тартқан 150-ден астам медицина қызметкері жұмыстан шығарылды, деп жазады 24.kz.
Мекеме басшысы жұмысшыларына маусымның 7-сіне дейін вакцина егуді талап еткен. Талапқа бағынбағандарға 2 апта бойы жұмыстан шеттетіліп, кейін жұмыссыз қалатындары жайлы ескертілген. Нәпақасынан айырылғандар енді сотқа шағым түсірді.
Наразылардың айтуынша, бұл әрекет заңға қайшы. Ал аймақтағы өзге аурухана басшылары міндетті имму-низация шарасы қызметкерлердің құқығын бұзбайды деген пікірде.