Маска тым үлкен болса, ол бетті дұрыс жаппайды, нәтижесінде ауа өткізеді,
ERNUR.KZ. Канадалық тіс дәрігері Оливия Цуй TikTok-та пайдалы видео түсіріп, бөлісті. Онда маман маска бетті толығымен жауып тұратындай оның дұрыс тағу жолын көрсетеді, деп жазады Тengrinews.kz.
Маска тым үлкен болса, ол бетті дұрыс жаппайды, нәтижесінде ауа өткізеді, бұл оның тиімділігін азайтады. Оливия Цуй жағдайды қалай түзеуге болатынын көрсетті.
Дәрігер видеода масқа тақпас бұрын қол жуу керек екенін айтты. Кейін ол қорғаныш құралын бүктеп, екі жағындағы резеңкесін кезек-кезек масканың өзіне жақын қылып буады. Содан кейін матаның шығып тұрған бұрышын дұрыстаған соң таға беруге болады. Осылайша бетперде бетке тығыз тұрады.
Видео TikTok-та нағыз вирусқа айналды, ол 3,4 миллионнан астам рет көрілген. Сондай-ақ, 400 мыңнан аса лайк және жақсы пікірлер жинаған.
Сонымен қатар, америкалық тележүргізуші Кэти Курик пен Голливуд актрисасы Кристен Белл Instagram-дағы аккаунттарда видеоны бөлісті.