Көптің жүрегін елжіреткен бірегей жоба тұрғындар мен қонақтар үшін мереке қарсаңында әдемі тарту болды.
фото: Глава Республики Саха (Якутия) Айсен Николаев
ERNUR.KZ. Якутияда мұз айдынында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип жасалды, деп жазады sputnik.kz.
Видеоны Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев өзінің телеграм-каналында жариялады.

Якудиядағы көл бетіндегі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип
"Жергілікті талантты суретшілер мен 130 ерікті 7200 шаршы метрден астам қарға жан бітірді. Нәтижесінде осындай тамаша көрініс дүниеге келді", - деді Николаев.
Бұл картина – жай ғана көркем жоба емес, бұл бабалар ерлігіне тағзым, бейбіт күнімізді бағалау, деді ол.
Көптің жүрегін елжіреткен бірегей жоба тұрғындар мен қонақтар үшін мереке қарсаңында әдемі тарту болды.