YouTube Навальныйдың атышулы аудио жазбасын бұғаттап тастады

0
2 479

2020 жылы желтоқсанда шетелдік БАҚ тергеу нәтижесін жариялады, онда үш жыл бойы саясаткердің ізіне түскен және оның улануына қатысы бар деген бірнеше ФСБ офицерлерінің аты аталады.


YouTube Навальныйдың атышулы аудио жазбасын бұғаттап тастады

ERNUR.KZ. YouTube оппозиционер Алексей Навальный мен оны уланды деп болжанған - әскери химик, ФСБ офицері Константин Кудрявцевтің аудиоәңгімесін бұғаттады, деп жазады zakon.kz.

Алдын ала берілген түсініктеме сүйенсек, видео ViacomCBS пайдаланушысына тиесілі материал болғандықтан бұғатталған.

"Олардың авторлық құқығын қорғау мақсатында бұл видео сіздердің елде көрсетілуіне тыйым салды".

2020 жылы желтоқсанда шетелдік БАҚ тергеу нәтижесін жариялады, онда үш жыл бойы саясаткердің ізіне түскен және оның улануына қатысы бар деген бірнеше ФСБ офицерлерінің аты аталады. Содан кейін Навальный Қауіпсіздік Кеңесі басшысы Николай Патрушевтің көмекшісі Максим Устиновтің атын жамылып, Кудрявцевпен сөйлесіп, одан операцияның неге сәтсіз аяқталуы бойынша ауызша есеп беруін сұрайды.

Видеода Навальныйдың әңгімелесушісі сұрақтарға әрең жауап береді. Алайда, ол ұшақтың тез қонуына және дәрігерлердің жұмысына байланысты жағдай жоспар бойынша жүрмей қалғанын айтады.

Сондай-ақ, ол өзінің білуі бойынша, бөтелкеде улаушы зат болмағанын айтты.

Алексей Навальный 20 тамызда ұшақта өзін жайсыз сезініп, алдымен ол Омбыдағы ауруханаға жатқызылды, содан кейін Германияға жеткізілді. Үш тәуелсіз зертхана оның ағзасынан "Новичок" тобына жататын удың іздерін тапты.