Кандилли сейсмологиялық орталығы зілзала магнитудасын 3,9 деңгейінен сәл жоғары бағалады.
Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
ERNUR.KZ. Түркия ТЖ Басқармасының (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 баллдық жер сілкінісі болды, деп жазады zakon.kz.
Кандилли сейсмологиялық орталығы зілзала магнитудасын 3,9 деңгейінен сәл жоғары бағалады.
Нақтыланғандай, эпицентр қаладан солтүстік-батысқа қарай 16 км қашықтықта 13 км тереңдікте орналасқан.
Жер асты дүмпулері 21:44-те (Астана уақыты бойынша) орын алып, мегаполистің бірқатар аудандарында сезілді. Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Халық арасында дүрбелең тіркелген жоқ.


