Ыстамбұлда ғимарат қирады: жеті адам зардап шегіп, тағы екі адам үйінді астында қалып кеткен

0
389

Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған.


Ыстамбұлда ғимарат қирады: жеті адам зардап шегіп, тағы екі адам үйінді астында қалып кеткен

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 2 маусымында Ыстамбұлдың Карталтепе ауданында үш қабатты ғимарат талқандалып, үйінді астында адамдар қалып кетті. Жеті адам құтқарылды, тағы екеуі әлі де табылмай жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Ыстамбұлдың Карталтепе ауданындағы Беледие көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45 шамасында (Астана бойынша 10:54) құлады, деп хабарлады NTV түрік телеарнасы. Ғимараттың қирау себебі белгісіз.

Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған.

Ыстамбұл қаласының губернаторы Давут Гүл 1988 жылы салынған ғимараттың қирап, үйінді астынан жеті адамның алынғанын, әлі екі адам табылмай жатқанын мәлімдеді.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен бригадалар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Апат болған жерге жылдам жету үшін көшелерде қауіпсіздік жолақтары құрылды. Полиция да аймақтағы қауіпсіздік шараларын қабылдады", делінген телеарна сюжетінде.