​Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылды

0
102

Мәйітті төсек жаймасына оралған күйінде қоқыс жәшіктерінен зат жинап жүрген ер адам тауып алған.


​Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылды

фото: sabah

ERNUR.KZ. 24 қаңтар күні кешке Ыстамбұлдың беделді Шишли ауданында Өзбекстанның 37 жастағы азаматы Дурдона Хакимованың басы шабылған мәйіті табылды, деп жазады zakon.kz.
Қайғылы оқиға жөнінде Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы өздерінің Telegram-арнасында мәлімдеген. Ведомство мәліметінше, мәйітті төсек жаймасына оралған күйінде қоқыс жәшіктерінен зат жинап жүрген ер адам тауып алған. Ол бірден полицияға хабар берген.



Sabah газетінің мәліметінше, мәйітті тапқан ер адам полициямен бірге оқиға орнына қайта оралған. Құқық қорғау органдары көшенің бір бөлігін қоршауға алып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тәркілеген. Бұл ретте, әйелдің басы табылмаған көрінеді. Дегенмен, полиция кісі өлтіруге күдікті екі адамды ұстады.
Консулдықтың ақпаратынша, күдіктілер де Өзбекстан азаматтары болып шыққан. Олар Түркиядан Грузияға ұшып кетпек болған кезде қолға түскен.
Бұған дейін Ыстамбұл маңында соңғы екі күнде бірнеше жер сілкінісі тіркеліп, жұртшылықтың үрейі ұшқанын жазғанбыз.