Зеленский мен Путин G20 саммитіне шақырылды

0
988

Жиын қарашада өтеді.


Зеленский мен Путин G20 саммитіне шақырылды

ERNUR.KZ. Индонезия президенті Джоко Видодо Ресей басшысы Владимир Путин Үлкен жиырмалық саммитіне (G20) баруды жоспарлап отырғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол қақтығысты тоқтатуға және Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің жүргізілуіне атсалысуға дайын екенін жариялады. 2022 жылдың қараша айында өтетін бұл шараға Украина президенті Владимир Зеленский де шақырылды.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки саммит өткізетін Индонезияның Украинаны шақыру туралы шешімін АҚШ қолдайды деп мәлімдеген болатын.

Ал Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Владимир Путиннің Джакартадағы Үлкен жиырмалық саммитіне қатысуы туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты.