Зеленский басқосуда Украинаның жаулап алған жерлері жайлы мәселені көтеретінін айтып отыр.
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинді тағы тікелей келіссөз өткізуге шақырып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ “Хабар 24“ арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша Украинадағы соғысты Ресей басшысымен бетпе-бет келіссөз жүргізбей тоқтату мүмкін емес.
Зеленский басқосуда Украинаның жаулап алған жерлері жайлы мәселені көтеретінін айтып отыр. Бірақ бұл түйткілдің ағашқы кездесуде бірден шешілуі екіталай дегенді айтады және Мәскеумен кез келген қол жеткізілген уағдаластық рефрендум арқылы бекітуді талап ететінін жеткізді.
– Қалай болғанда да бұл мәселелерді президент қана шешпейді. Бұл Украина парламенті мен халқы шешетін ұзақ процесс. Мен бұған дейін де келіссөзде қол жеткізілетін кез келген келісімдер бойынша референум өткізуге тура келетінін айтқанмын. Себебі бұл келісімдер тарихи маңызды болғандықтан халық оларға қатысты өзінің пікірін білдіруі қажет, - деді Украина президенті Владимир Зеленский.