Зеленский Украинаның жақын арада НАТО-ға қосылмайтынын мойындады

0
193

Франс Пресс НАТО алдағы саммиттің қорытынды мәлімдемесін қысқаша мазмұнда, Украинаның ықтимал мүшелігі туралы мәселе қозғамауға тырысып дайындап жатқанын хабарлады.


Зеленский Украинаның жақын арада НАТО-ға қосылмайтынын мойындады

фото: RIA Novosti/Avrora

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Украинаның НАТО-ға кіруі қазір мүмкін емес екенін мойындады, деп жазады sputnik.kz.
Sky News журналисі Зеленскийден сұхбат кезінде Украинаның НАТО-ға қосылуы мүмкін емес екенін түсіне ме деп сұрады.
"Дәл қазір бұл мүмкін емес", - деп жауап берді Зеленский.
Бұған дейін Франс Пресс НАТО алдағы саммиттің қорытынды мәлімдемесін қысқаша мазмұнда дайындап, келіспеушілік болмас үшін Украинаның ықтимал мүшелігі туралы мәселе қозғамауға тырысып жатқанын хабарлады.
2019 жылдың ақпанында Украина конституциясына елдің еуропалық және еуроатлантикалық интеграциясы туралы сөз қосылды. Оның ішінде мемлекеттің "Украинаның Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымына толыққанды мүше болу" елдің стратегиялық мақсаттары қатарында көрсетілген.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның бейтарап, блоктарға қосылмаған, ядролық емес статусқа оралуы Ресей Федерациясының Украинадағы қақтығысты шешудегі шарттарының бірі екенін мәлімдеді.