Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялаған болатын.
Фото: AP Photo / Efrem Lukatsky
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда бітім орнату туралы ұсынысын қабылдамады, деп жазады stan.kz.
Сонымен қатар Зеленский Ресейді 30 күнге атысты тоқтатуға шақырды.
“Неге атысты 30 күнге тоқтату керек? Себебі үш, бес, жеті күнде қандай да бір келісімге келу мүмкін емес”, – деді Зеленский журналистермен кездесу барысында.
Украина президенті Путиннің 9 мамырға орай бітім жариялау жайлы ұсынысын “үлкен театр қойылымы” деп бағалады.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялағаны туралы хабарлаған едік. Бітім 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні түнгі он екіден 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні түнгі он екіге дейін күшінде болады делінген Кремль хабарламасында.