​Жанармай бекетінен лотерея сатып алған әйел байып шыға келді

0
1 196

Ұтыс сомасы — 73 миллион теңгедей. Ол бұл қаражатқа көптен бері армандап жүрген су жаңа аппақ Toyota Corolla көлігін сатып алғысы келеді.


​Жанармай бекетінен лотерея сатып алған әйел байып шыға келді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Голдсборо қаласының тұрғыны сатушының қателігінің арқасында лотереядан қомақты қаражат ұтып алды. UPI порталы хабарлағандай, оған өзі сұраған билетті емес, басқасын берген екен, деп жазады sputniknews.kz.

Зеринея Кармайкл 25 қараша күні жанармай бекетіне соғады. Бензиннің ақысын төлеп жатқанда, Carolina Panthers атты лотерея билетін сатып алмақ болады. Сатушы оның орнына 777 лотерея билетін беріпті.

"Әдетте мұндай кезде тауарды ауыстырып, өзім сұрағанды талап ететінмін. Бұл жолы ішкі түйсігім билетті айырбастатқызбады", — дейді америкалық.

Кармайкл көлігіне отырып, лотерея билетін тексереді.

"Бастапқыда небәрі 7 доллар ұттым деп ойладым, әрі қарай тағы бірнеше жетілік шықты. Ақыры соңында қанша ақша ұтқанымды көргенде, өз көзіме өзім сенбедім. Сатушының қателескені жақсы болды", — дейді әйел.

Ұтыс сомасы — 277 777 доллар болған (103 миллион теңгеден астам), алайда салық төлеген соң Кармайклдың қолында 195 837 доллар ғана қалды (73 миллион теңгедей). Ол бұл қаражатқа көптен бері армандап жүрген су жаңа аппақ Toyota Corolla көлігін сатып алғысы келеді.