Тек дыбыс шығармайтын, жарық қана шығаратын отшашуларға рұқсат беріліп отыр.
ERNUR.KZ. Тынық мұхиттағы Галапагос аралдарына архипелагтағы өте сирек кездесетін фауналарды қорғау мақсатында отшашуларды әкелуге, сатуға және қолдануға тыйым салынды, деп жазады ҚазАқпарат.
Мұнда тек дыбыс шығармайтын, жарық қана шығаратын отшашуларға рұқсат беріліп отыр. Тағы бір айта кетер жайт, бұдан бұрын экологиялық белсенділер билік органдарынан Галапагос аралдарында бірреттік пластикаға тыйым салуға қол жеткізген еді. Галапагос аралдары Тынық мұхитқа орналасқан.
Архипелаг ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Мұнда галапагос пингвині, галапагос теңіз игуанасы, галапагос ұшпайтын су құзғыны, галапагос теңіз мысығы,толқынды альбатрос тәрізді тіршілік иелері өмір сүреді.