Жапония жағалауында жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар

0
426

Цунамидің биіктігі 1 метр болады деген болжам бар.


Жапония жағалауында жер сілкінісі болды, цунами қаупі бар

ERNUR.KZ. Жапониядағы Идзу архипелагының оңтүстігінде 6,6 баллдық жер сілкінісі болды, цунами дабылы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Жер сілкінісі 11.00-де (Астана уақытымен 08.00) Жапонияның Идзу архипелагының оңтүстігіндегі Торисима аралында болды.

Цунамидің биіктігі 1 метр болады деген болжам бар. Метеорологтар биіктігі бір метрге дейін жетпейтін толқынның өзі адамды құлатуға қабілетті екенін ескертеді.

NHK телеарнасы күнделікті бағдарламаларын тоқтатып, архипелаг аралдарынан хабар таратып жатыр. Билік жағаға жақындамауға кеңес береді. Теңіз жағасында болғандар шұғыл түрде биік жерге көтеріліп, туыстары мен достарына, ескерту керек, деп хабарланды. Болжам бойынша, бірінші толқын жағалауға 11.30−12.00 (8:30−09:00 Астана) аралығында келеді.