Жапонияда жойқын тайфун 98 адамның өмірін жалмады

0
914

Тағы 10 тұрғын әлі табылған жоқ.


Жапонияда жойқын тайфун 98 адамның өмірін жалмады

ERNUR.KZ. Жапонияда «ХагИбис» тайфуны құрбандарының саны тағы артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат 98 адамның өмірін жалмаған. Тағы 10 тұрғын әлі табылған жоқ. Еске сала кетсек, «ХагИбис» тайфуны күншығыс елінде екі апта бұрын ойран салған болатын. Желмен қоса нөсер жауып, артынан лай көшкіні жүрген. 42 мыңнан аса үй әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Билік кейбір өңірді «апатты аймақ» деп жарияламақ. Осы ретте үкімет табиғи апат салдарын жоюға резервтік қордан 6 жарым миллион доллар бөледі.