Ғарыш объектісі Жерге ешқандай қауіп төндірген жоқ.
ERNUR.KZ. 2020 QG астероиды Жерге өте жақын қашықтықта ұшып өтті, деп хабарлайды Хабар24.
ZTF0DxQ сериялы нөмірін алған диаметрі 3-6 метр болатын 2020 QG астероиды 16 тамыз күні Үнді мұхитының үстінен 2950 шақырым қашықтықта шамамен 12,3 км/с жылдамдықпен ұшып өтті.
Астероид обсерватория арқылы Жерге рекордтық деңгейде жақындаған соң бірнеше сағат өткеннен кейін анықталды. Ғарыш объектісі Жерге ешқандай қауіп төндірген жоқ.