Бұған дейін саясаткердің комадан шыққаны, біраз уақыт жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз жүре алатыны хабарланған.
ERNUR.KZ. Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің жағдайы нашарлады, деп жазады sputnik.kz.
Саясаткер қайтадан комаға жатқызылды, дәрігерлер оған септикалық шок диагнозын қойды.
11 наурызда ресейлік саясаткердің баспасөз қызметі Жириновскийдің екі апта комада жатқаннан кейін есін жиғанын хабарлады.
16 наурызда ол жасанды тыныс алдыу аппаратынсыз ұзақ уақыт жүре алатыны белгілі болды.
Айта кетері, Ресейдің мемлекет қайраткері 2 ақпанда орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Саясаткердің ауыр жағдайда жатқаны белгілі болды. Бір айдан астам уақыттан бері Владимир Жириновский жансақтау бөлімінде жатыр.