​Әлеуметтік желіде «қазақша жауап беру» науқаны жүріп жатыр

0
3 385

Әлеуметтік желілердің барлығында ұлтжанды азаматтар қазақстандық бауырларына мынадай мәтінмен үндеу таратуда.


​Әлеуметтік желіде «қазақша жауап беру» науқаны жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қазақстан аумағында қайсыбір сауалға болмасын қазақша жауап беру және мәдениетті болу туралы үндеу таратылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілердің барлығында ұлтжанды азаматтар қазақстандық бауырларына мынадай мәтінмен үндеу таратуда:

«Қазақстанның барлық жерінде, қалаларда, қоғамдық орындарда, кәсіпорын-мекемелерде, дүкенде болсын, пойызда, автобуста, көшеде орысша сөйлеген адамға қазақша жауап беру басталды. Қандай ұлт, кім болсын қазақша жауап қайтарамыз. Ұрыспай, артық сөз айтпай, сабырлы болып, сыпайы ғана сөйлесу арқылы өз мəдениетімізді көрсетеміз, сол арқылы туған тіліміздің қолданысын көтереміз. Бұл - Латвия, Литва, Эстония елдері қолданған жемісті əдіс. Тіл жоғалса, ұлт жойылады. Сондықтан ұлтымыздың жарқын болашағы үшін осы амалды қолға алайық, бауырлар! Қолдау көрсетіп таратыңыздар!»