Антифрод-орталық – азаматтарға көмегі қандай

0
680

Антифрод орталықтың басты міндеті – алаяқтық операцияларға қарсы тұру.


Антифрод-орталық – азаматтарға көмегі қандай

ERNUR.KZ. Алаяқтық транзакциялар туралы деректер алмасу орталығы – антифрод орталық өткен жылы әзірленген болатын. Осы уақыт ішінде оның жұмысы жетілдірілді, деректер жиналып, сараптамалық бағалау жүргізілді. 2024 жылғы 5 тамызда ҚР Ұлттық Банкі оның толық іске қосқанын хабарлады.

Антифрод орталықтың басты міндеті – алаяқтық операцияларға қарсы тұру. Бұл алаяқтық транзакцияларды анықтау және бұғаттау, алаяқтық белгілері бар операцияларға жедел ден қою және алаяқтық операциялардың бірыңғай дерекқорын жүргізу.
Бірақ ең бастысы – қатысушылар, яғни реттеушілер, мемлекеттік органдар және қаржы нарығына қатысушылар арасында ақпарат алмасу нақты уақыт режимінде болады, бұл кез келген күдікті қаржылық транзакцияларға ден қоюдың жеделдігін айтарлықтай арттырады.
Пайдасы қандай?
Антифрод-орталық нәтижелерін көрсете бастады.
Платформа іске қосылған сәттен бері қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық инцидент анықтап, шамамен 30 миллион теңге сомаға қаражат бұғатталды.
Антифрод-орталықты одан әрі дамыту кезінде ашық интерфейстер (API) пайдаланылады, бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл платформаның функционалы мен қамтуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, күдікті транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлануда.
Осылайша, антифрод-орталық ең алдымен күдікті ақша аударымдарын, жалған онлайн кредиттер алуды және басқа да күмәнді операцияларды бұғаттайды. Бұл шаралар азаматтардың ақшасын үнемдеуге айтарлықтай көмектеседі.
Нені білу керек?
Антифрод-орталықтың қызметкерлері мен өкілдері ешқашан жеке тұлғаларға ақпарат жинау немесе қандай да бір операциялар жасау үшін қоңырау шалмайды. Антифрод-орталық жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасамайды, қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен ғана жұмыс істейді.

Сіз қаржылық алаяқтардың негізгі схемалары туралы біздің сайтта «Абайлаңыз, алаяқтар!» бөлімінде біле аласыз. Сонымен бірге «Fingramota Online» мобильді қосымшасында «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі жұмыс істейді, онда пайдаланушылар қаржы пирамидаларының белгілері бар күмәнді ұйымдардың қызметі жөнінде кеңес алып, тап болған алаяқтық схемалар жайында хабарлай алады.