Көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
Елімізде төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығын алатын адамдар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Енді азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарды азаматтардың келесі санаттары алатын болады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек баланы тәрбиелеуші;
- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап шамамен 180 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз етілген.
Осы көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.