COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушыларда бүкіл процесс бойы вирустың ешқандай белгілері байқалмайды.
ERNUR.KZ. COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар өзгелерге вирус жұқтырмайды. Ондай жағдай сирек кездеседі, деп жазады Тengrinews.kz.
"Біздің мәліметтерге сүйенсек, COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушыларда басқаларға вирус жұқтыру қаупі төмен. Өзге елдердің де есептері бар. Онда да вирус белгілері жоқ тасымалдаушыларға бақылау жүргізіледі, олармен байланыста болғандар да бақылауда, бірақ вирус әрі қарай тарап жатқан жоқ. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - дейді ДДҰ өкілі Мария Ван Керкхове.
Оның айтуынша, COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушыларда бүкіл процесс бойы вирустың ешқандай белгілері байқалмайды.