Түркияда магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды

0
188

Зілзала 7 шақырым тереңдікте болған.


Түркияда магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды

Фото: Anadolu Agency

ERNUR.KZ. Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару департаментінің (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері түнгі сағат 00:05-те Сындыргы ауданында тіркелген. CNN Turk жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болғанын және ол Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілгенін хабарлады.

Кандилли обсерваториясы мен AFAD жер сілкінісінің магнитудасын растады. Сындыргы қаласының мэрі Серкан Сак тұрғындарды абай болуға шақырды.

AFAD дерегінше, табиғи апаттан айтарлықтай зиян келгені анықталмаған. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.