ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС кезінде ҚАНДАЙ көліктер жарыққа шыққанын білесіз бе?

0
3 422

Олардың кейбірі әлі күнге дейін өндіріледі.


ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС кезінде ҚАНДАЙ көліктер жарыққа шыққанын білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемдік экономиканың ахуалы нашарлай бастағанда адамдардың қиналатыны анық. Соның әсерінен кез келген салада үнем жасалып, тиімді жолдар қарастырылып жатады. Тіпті өткен ғасырдың елуінші жылдары орын алған тоқырау кезінде адамдар көліктерді де жағдайға сай етіп жасауды қолға алып, көлемі кішкентай автомобильдер өндірген. Бүгінгі мақалада сол көліктерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.


1. Brutsch Mopetta

Міне, 50-ші жылдардағы эконом-класс санатына жататын көліктің бірі. "Брутш-Мопетта" деп аталатын бұл көлікте шанақ болғанымен, алдыңғы әйнек қана бар болған. Бір ғана аадам сиятын көлік бір қарағанда үлкендеу сабын ыдысына ұқсайды. Бірақ, бұл көлік үнемдеуге қолайлы болғанымен, тым қауіпті екені анықталып, 14-ақ данасы шығарылған.



2. Messerschmitt KR175/200

Ал, "Мессершмит" деген авиациялық атауы бар автомобиль әлдеқайда танымал болған. Тарқатып айтсақ, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Вилли Мессершмитт компаниясы өндіретін жойғыш, бомбалаушы көліктер мен соғыс ұшақтарын шығаруға тыйым салынады. Ал, мұндайда тоқырауғатүсіп қалмайтын немістер автомобиль өндіруге кіріседі. Сол көліктердің арасындағы ерекше, өте сапалы жасалған әрі арзан KR 175/200 ұшақтағыдай шатырдың қалпақшасына ұқсас болған. Сонымен қатар, 100 км/сағ жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін тамаша қозғалтқышы болған.



3. Vespa 400

Алдыңғы көліктерге қарап, «мұндайдың бәрі ұсқынсыз болады екен» деп ойлап қалмаңыз. Себебі, қиын кезеңде осындай тартымды автомобильдер де жарық көрген. Тағы бір ерекшелігі – бұл мопедтер мен мотороллерлердің арқасында әйгілі болған итальяндық VESPA компаниясының тарихындағы жалғыз төрт доңғалақты өнімі.



4. Zundapp Janus

Әйгілі көлік жүргізушісінің атымен аталған екі орынды бұл көліктің салоны тым тар болған. Тіпті, оның ішінде отырып артық қимыл жасаудың өзі қиындық тудырған. Сол себепті бұл көліктің өндірісі ұзаққа созылмапты. Дегенмен, zundnapp мотоцикл брендімен шығарылған көлік жарты ғасырдан кейін Голливудтың "Мүгедектер арбасы-2" мультфильміне күтпеген жерден түсіріліп, екінші өмірге ие болады. Онда "Янус" жасырын қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілерінің бірінің рөлін сомдайды.



5. BMW 600


Неге мұндай микрокөліктің бәрі белгісіз брендтерге тиесілі екендігі туралы ойланып отырған шығарсыз. Жоқ, тіпті атын жалпақ әлем білетін BMW компаниясының өзі осындай шағын көліктер өндірген. «Атына заты сай» демекші, алпауыт компанияның өнімі де атақты көлік болған.



6. Piaggio Ape

Айтпақшы, микрокөліктің барлығы бірдей жеңіл автомобиль болмаған. Мысалы, бұл тізімде Piaggio Ape атты трицикл негізінде жасалған жеңіл жүк көлігі де бар. Оның кабинасы толық жабылған, кікентай доңғалақтармен және біршама жүк сыятын жүксалғышпен жабдықталған. Бір қызығы, Piaggio Ape атаулы көліктердің жаңғыртылған түрері әлі де өндіріліп жатыр.



7. Bond Bug

Көптеген микрокөліктер алпысыншы жылдары жағдай түзеле бастағасын нарықтан жоғалып кетті. Алайда, британдықтар70-ші жылдардың өзінде кішкентай көлік шығаруды жалғастырды. Солардың ішіндегі "Бонд багты" жоғарғы деңгейдегі микрокар деп атауға болады. Өйткені оның дизайны сәнді, орындықтары спорттық және қозғалтқышы да мықты болған. Сонымен қатар, ол көлік ішкиімдердің жарнамасына түсіп, танымал болған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ӨТЕ ЖИІ мазалайтын СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП


Ресей, АҚШ немесе Қытай: ҚАЙ ЕЛДІҢ соғыс көліктері МЫҚТЫ?