Жапондық брендтің мызғымас сенімділігі туралы бәрі біледі, бірақ Toyota-ның оған қалай келгенін ешкім білмейді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Toyota-ның әлемдік нарықта танымал болуының құпиясын білесіздер ме? Егер кез-келген автокөлік жүргізушісінен ең сенімді бренд туралы сұрасаңыз, онда Toyota тізімде бірінші немесе кем дегенде алғашқы үштікке енеді. Сәйкесінше, бұл компания ең берік, сенімді, сынбайтын және дәлелденген көліктерді тек Toyota шығарады деп шабыттандыратын сияқты. Расында өндіруші бұл беделге лайықты түрде ие болды. Бұл ретте аталған брендтің ең жақсы модельдерін тізіп отырғанша, Toyota-ның бәсекелестерінен жаһандық деңгейде ерекшелену үшін не істейтінін айтайық.
Инженерлердің мұқият жұмысы
Мәселен Ls400 автокөлігі Toyota — Lexus бөлінуінен басталған. Оны Toyota-ның таңғажайып даму циклінің ең танымал мысалы деп атауға болады. Алғашқы LS400 нарыққа шыққанға дейін олардың жалпы құны шамамен миллиард долларға бағаланды. Әзірлеуге 1400 инженер, 60 дизайнер, 2300 техник және тағы 200 көмекші жұмысшы қатысқан. Басынан аяғына дейін процесс шамамен бес жылға созылып, нәтижесінде ең сенімді әрі сәнді көліктердің бірі пайда болды. Алайда, LS400 тек осымен ғана ерекшеленбеді. Ол Toyota брендінің орнын анықтап, қалталы сатып алушыларға көптеген тұрғыдан мықты екенін дәлелдеген. Бұл Toyota компаниясының көпшіліктің өз өнімдеріне деген сенімін қалай қалыптастырғанының бір мысалы. Қазіргі маркетингте бұл «сараптамалық демонстрация» деп аталар еді.
Қатал жағдайларда жұмыс істеуге бағытталған
Кез-келген көлікке күтім жасалса, ұзақ қызмет етеді деп айтылады. Бірақ Toyota рульде кім отырғанына қарамастан ұзақ уақыт бойы сапалы қызмет көрсетеді. Бұл көбіне Toyota автомобильдерінің, әсіресе Жапонияда құрастырылғандардың американдық және еуропалық машиналарға қарағанда жоғары төзімділікке ие болуына байланысты тұжырым. Яғни, егер кәдімгі автоөндіруші бөлшектерді 1,5 мм дәлдікпен жасаса, жапондық Toyota 0,2 мм дәлдікпен жасайды екен.
Toyota кез келген дамушы елдердегі қалыпты жолдардың, автосервистердің, сертификатталған жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің және автокөлікті иелену мәдениетінің болмауына қарамастан автомобильдерді пайдалану шарттарына сай келеді. Мәселен, Tacoma, Tundra мен Hilux пикаптары мен маркалы жол талғамайтын көліктер еуропалық мегаполистердегі қала ішінде жүретін сәнді седандар мен кроссоверлерге қарағанда күрделі жағдайлардың өзінде көп шақырымға шыдайды. Сонымен қатар, өзге көліктердің көпшілігіндегі мотор майы 10 мың шақырымға шыдай қоймайды. Сондықтан Toyota-ның берік модельдері «нәзік» көліктерге қарағанда тартымды бола береді. Бұл брендтің сенімділігі туралы да көп нәрсені ұғындырады. Toyota-ның беделі брендке аспаннан түскен жоқ, ол оны лайықты түрде иеленді, көліктері не істей алатынын дәлелдеді.
Модельді шығарар алдындағы көптеген сынақ
Өндіріске дейінгі сынақ процесінде Toyota құрастыруды толық тексереді: суспензия мен дене бөліктеріндегі дәнекерлеуді, тойтармаларды және бұрандаларды. Мысалы қозғалтқыштың тұрақты айналымдарын сынау үшін бір сынақта 40 жыл жұмыс істеуді имитациялай отырып, қатарынан 6 мың айналымнан 200 мың рет жылдамдатылады екен. Интерьер компоненттеріне арналған температуралық сынақтар, рентгендік зерттеулер, ауа райының сынақтары жүргізіледі. Бұл интерьердегі пластмассалар мен панельдердің қыста жарылып кетпеуін қамтамасыз етеді екен. Нәтижесінде өндірушілер нарыққа шыққанға дейін де, шыққаннан кейін де сенімді көлік дайындайды.
Тұтынушылардың пікіріне мұқият қарау
Жапонияда «кайзен» деп аталатын бизнес стратегиясы бар. Бұл зауыт цехынан бастап мәжіліс залы мен клиенттерге қызмет көрсетуге дейінгі барлық бағыттар бойынша үнемі жетілдірудің жалпы тәсілі. 1982 жылы компания тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімін құрған. Бөлімнің жалғыз мақсаты – сатып алушылардың пікірлерін зерделеп, олар туралы ақпаратты әзірлеу топтарына беру. Бұл TOYOTA-ға қателерді түзетуге, жаңа модельдер мен олардың итерацияларын жасауға көмектеседі.
Сапаны басқару жүйесі
«Кайзен» бар жерде «джидока» бар. Бұл «адамның қатысуымен автоматтандыру» деп аударылады. 30 мыңнан астам бөлшектен тұратын автомобильдің жаппай өндірісі роботтардан ауыр жұмыстың көп бөлігін орындауды талап етеді. Бірақ Toyota өндірістік жүйесі «сапаны үнемі бақылау» процесін ұстанады. Компанияның өзі мәлім еткендей, «адамның даналығы мен тапқырлығы тұтынушыларға уақыт өткен сайын жетілдірілген көліктерді жеткізу үшін қажет».
Автоматтандыру алдында қолмен істеуге болатын барлық тапсырмалар орындалады екен. Өндірісте кез-келген ауытқу орын алса, автоматты түрде немесе адамның бұйрығымен желі толық тоқтайды. Мәселе шешілгеннен кейін жұмыс қайта басталады. Бұл зауыттың мыңдаған ақаулы бөлшектерді шығармауын қамтамасыз етеді.
Жеткізу тізбегі
Toyota 1937 жылы құрылған. 2024 жылдың тамыз айының соңында өндіруші «87 жасқа» толады. Автомобиль әлемінде бизнес жүргізудің ұзақ мерзімінде Toyota жеткізушілермен ұзақмерзімді қарым-қатынас орнатқан.
Toyota жолда секірмейді, межеге қарай сенімді қозғалады
Аталған факторлардың қайсысы Toyota-ға деген сенімді арттыратыны белгісіз. Ең бастысы – Toyota өзінің даму бағытын өзгертуге тырыспайды, кейбір сән трендтерінен басқаларына ауысып отырады. Басқа өндірушілерден айырмашылығы – Toyota өзінің даму бағытын модельдік қатарды электрлендіруге күрт өзгерткен жоқ. Көптеген жылдар бұрын компания экологиялық көліктің болашағы гибридті және сутегі модельдерінде екенін айтқан. Енді Toyota барлық модельдерді jlr, GM, Mercedes-Benz және басқалары сияқты электр энергиясына неге асығыс аудара алмайтынын түсіне берсеңіз болады.
Toyota – бұл дизайн мен өндірістегі батыл да көркем сөздерімен сипатталатын бренд емес. Олар ешқашан өздерін ізашар ретінде көрсетуге асықпады. Егер Toyota тек гибридті тәсіл алға жылжудың ақылға қонымды жолы деп санаса, бұл гибридті көліктердің таралуындағы маңызды мәдени және технологиялық бетбұрыс нүктесін білдіреді.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Екінші дүниежүзілік соғыстағы «ӨМІР ЖОЛЫ»: Бұл не және қалай жұмыс істеді?