Мәлік Хасенов кезінде "Казахи" КВН командасында өнер көрсеткен.
фото: inbusiness.kz.
ERNUR.KZ. "Астана" футбол клубының Директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Бизнесмен Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018-2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды", – делінген елордалық команданың әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Айта кетейік, атқарған ауқымды істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.