КӨЛІК шанағы ТОЗБАСЫН ДЕСЕҢІЗ

0
5 130

Бұл әдістер тозуды тежейді.


КӨЛІК шанағы ТОЗБАСЫН ДЕСЕҢІЗ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген адам көлік алар кезде шанағының тазалығына мән береді. Реті келсе, бір де бір сызат түспегенін сатып алса, енді берулер сатып алғаннан кейін толықтай өңдеп жатады. Ал, осынша еңбектен кейін шанақтың түрлі себептермен бүлінуі ауыр соққы болатыны анық. Сондықтан, көлік сатып алған кезде шанақтың тозуын баяулататын әдістер бар екенін естен шығармай, сол шараларды бірден қолданған абзал.

Әрине, төменде талқылайтын кеңестер барлық жүргізуші үшін пайдалы болмауы мүмкін. Бірақ, біз қашан да шанаққа түскен зақымды қанша жөндесе де, өңдесе де, бастапқы қалпына келмейтінін естен шығармауымыз керек. Сондықтан, мұндай жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектесетін шараларды қоданған дұрыс.


КӨЛІКТІҢ АЛДЫНАН БАСТАП ҚАРАСАҚ...

Бронды пленка (әдетте полиуретанды) – жаңа шанақты қорғаудың заманауи тәсілі. Пленка тек полиуретанды ғана емес, сонымен қатар винилді де болады. Бірақ, финилді түрі жұқа, тез тозғыш болып келеді. Ал, полиуретанды пленка қалың болады және кем дегенде бес жыл бойы денені тиімді қорғайды. Дегенмен, сапасына қарай бағасы да қымбаттау болғандықтан, кей адамдар шанақтың белгілі бір бөліктерін ғана пленкалайды. Жалпы, бәрі әмиянның қалыңдығына байланысты.

Екіншіден, таңертең шанаққа тұрып қалған қарды щеткамен сүрту әдетінен арылғаныңыз жөн. Себебі, щетканың қатты қылшықтары пластикке де, шанақ бояуына сызат түсіреді.

Үшінші «ауру аймағы» - шатырдың жиектері. Өкініштісі сол, шатырлар әдетте мырышталмайды. Сол себепті шанақтың басқа бөліктеріне қарағанда тезірек зардап шегеді. Сіз бұл аймақты тек бір жолмен ғана – пленкамен қорғай аласыз. Бұдан артық тиімді нұсқа жоқ. Бұл бөлік көбіне жолда ұшып келіп тиетін қиыршық тастардан туындайды.


БҮЙІРДЕН ҚАРАЙЫҚ...

Жоғарыда көліктің алдынан қарағанда көрінетін жерлерді сақтау туралы айттық. Енді, жанынан көрінетін бөліктерді қарастырайық. Көлік жанындағы ең әлсіз жерлердің бірі – шанақ пен бамперлердің түйісетін тұсы. Бұл жалғанған жерді ұзақ уақыт бойы қорғаудың тиімді әдісі – оларды бірдей пленкамен желімдеу. Мұны өз қолыңызбен де жасауға болады. Және бұл шараны мейілінше ертерек жүргізген дұрыс.

Назар аударуды қажет ететін келесі аймақ – есіктер мен тұтқалардың қосылған жері. Бұл аймақтың бүлінуіне әдетте тырнақ, кілт немесе сақиналар себеп болады. Ал, мұның алдын алу үшін ұқыпты болсаңыз жеткілікті. Егер, өзіңіз бен өзгелерге сенімді болмасаңыз, тұтқалардың артындағы бұл аймақтарды да пленкамен брондауға болады.


Тіпті жаңа машиналардағы есіктердің де жиектері тез зақымданады. Ал, мұны болдырмау үшін не істеу керек? Рецепт соншалықты күрделі емес: есіктерді ашқанда басқа да қатты заттарға тигізбеңіз немесе кез келген автодүкеннен соққыға қарсы жапсырғыш сатып алуға болады. Ал, есіктің төменгі жағын зақымдамау үшін жай ғана ұқыпты болуыңыз керек. Яғни, көлікті тоқтатқанда есіктің асты басқа заттарға тимейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ, есік жиектері жиналып қалған судың салдарынан да зақымданады. Сондықтан есіктің төменгі жағындағы дренаждардың тазалығын бақылау керек.

ТАҒЫ НЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ?

Жуу барысында пайда болатын сызаттар шанақтың көрінісін қатты бұзады. Әрине, көлікті жуу керек, бірақ кез-келген шүберекпен құрғатпаңыз. Мұны істеу үшін арнайы кеуекті губкаларды қолданған дұрыс.


Егер сіз шынымен брондайтын пленканы қолданғыңыз келсе, бірақ оған ақша жетпейтін болса, оның баламасын – спрей түріндегі қиыршық тасқа қарсы қосылғыштарды қолдануға болады. Олар әдетте резеңке негізінде жасалады және жол реагенттерінің әсерінен қорғай алады. Сонымен қатар, оны бүккіл шанаққа шашудың қажеті жоқ. Тез бүлінетін бөліктерге қолдансаңыз жеткілікті.


Қазіргі автохимия құралдары да шанақты қорғауға қабілетті. Мәселен, бүгінде кузовтың ішкі қуыстарын, түбін, аркалары мен тігістерін қорғау үшін резеңке немесе битум толтырғышы бар коррозияға қарсы жабдықтарды қолдануға болады.


Әлбетте, бұл шараларды қолданғасын, шанақ 100 пайыз зақымданбайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Десе де, тозуды тежейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Такси болуға ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР ТИІМДІ?


Апаттық сынақтардың нәтижелері бойынша ЕҢ ҚАУІПСІЗ КӨЛІКТЕР анықталды