Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді

0
90

Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылып, шамамен 10 жыл жұмыс істеген.


Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді

видео кадры

ERNUR.KZ. Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді, деп жазады tengrinews.kz.

ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда өрт шыққан.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді", - деп жазылған хабарламада.





Кейінірек ТЖМ күштері өртті оқшаулағаны хабарланды.

Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылып, шамамен 10 жыл жұмыс істеген. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде ол Астанадағы ең танымал демалыс орындарының біріне айналған.